420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ коронавирусқа байланысты ел аумағына кіру талабын күшейтті

  • 80
  • UPD: 22:22, 13.01.2021

Жаңа тәртіп қаңтардың 26-сында күшіне енеді. Осы күннен бастап АҚШ-қа келмек болған әр азамат ПТР анықтама ұсынуы тиіс.

Ал аурудан айыққандар инфекциядан жазылып шыққанын растайтын құжатты көрсетуге міндеттеледі. Ал Израиль билігі керісінше ел азаматтарына шекара асуға мүмкіндік бермек. Яғни коронавируске қарсы екпе алған тұрғындар енді арнайы құжаттың көмегімен шетелге ұша алады. Сонымен қатар вирус жұқтыру қаупі жоғары елден оралғаннан кейін не вирус жұқтырған адаммен байланыста болған соң оқшауланудың қажеті болмайды. Жаңа ереже 17 қаңтарда күшіне енеді.

Биньямин Нетаньяху, Израильдің премьер-министрі:

- «Қалыпты өмірге оралу» операциясы арқылы еліміздегі мейрамханаларды, жаттығу залдары, мектептер, синагогалар мен театрларды қайта аша аламыз. Экономикамыз тезірек сауығады. Мұның бәрін арнайы құжаттың арқасында іске асырамыз. Ол үшін сіздерден екі нәрсе керек. Вакцина қабылдаңыздар және карантин талаптарын сақтаңыздар. Коронавирус жағдайына бірге кіргенбіз, енді одан әлемде алғашқы болып шығамыз.

Хабар 24 телеарнасы