Черногория аумағына кіру талаптары жеңілдеді

Черногория аумағына кіру талаптары да жеңілдеді. Енді осы елге келмек болғандардан теріс нәтижелі ПТР тест анықтамасы керек емес.

Тіпті шекарадан өткен соң карантинге жатудың да қажеті жоқ. Билік өкілдері мұндай шешімді елдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты қабылдаған.

Айта кетейік, қазір Черногорияда вирус жұқтыру деңгейі 100 мың адамға шаққанда 847. Бұл Балқан аймағындағы ең төмен көрсеткіштердің бірі.

Сондай-ақ...