420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда ковидке байланысты ТЖ режимі ұзартылды

  • 103
  • UPD: 21:53, 13.01.2021
Италияда ковидке байланысты ТЖ режимі ұзартылды

Италия билігі коронавирусқа байланысты елдегі ТЖ режимін 2021 жылғы сәуірдің соңына дейін ұзартты.

Төтенше жағдай режимін ұзарту туралы Италияның денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанца мәлімдеді. 

Енді Италия үкіметі елдің тек «қызыл» емес, тіпті «сары аймаққа» да енген өңірлері арасында адамдар қозғалысына тыйым салуы мүмкін.

Еске сала кетейік, қазан айында Франция мен Италия коронавирус инфекциясын жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші бойынша антирекорд орнатты. Жаңа вирустан болған тәуліктік өлім жағдайларының саны 43-тен 83-ке дейін, яғни екі есеге артқан болатын. Елде пандемия басталғалы тіркелген өлім деректерінің жалпы саны 36 000-нан асады.

Сондай-ақ Италияда коронавирус инфекциясын анықтау үшін 163 000 тест жасалып, рекордтық көрсеткішке жетті.

ANSA

Хабар 24 телеарнасы