Трампқа импичмент жариялауды талқылау басталды

АҚШ конгресінің Өкілдер палатасы президент Дональд Трампқа қарсы импичмент процесін талқылауды бастады.

Қазір Ақ үй басшысы «азаматтарды көтеріліске итермелеп, билікті бейбіт беруге кедергі келтірді» деп айыпталып жатыр.

Кейбңр конгресмендердің айтуынша, Трамптың «сайлау нәтижесі бұрмаланды» деген пікірі Капитолийдегі бүліктің басталуына түрткі болған.

Жалпы Трампты биліктен шеттетуді талап ететін резолюцияны Өкілдер палатасы сейсенбі күні қабылдады. Бірақ төменгі палата бүгін Трампқа қарсы импичментті мақұлдаса да, сенаторлар оны жаңа президентті ұлықтау рәсіміне дейін қарап үлгірмеуі мүмкін. Өйткені Джо Байденнің инаугурациясы қаңтардың 20-сында өтеді. Осы уақытқа дейін Сенатта қандай да бір отырыс өткізу қарастырылмаған.

Құжат сенаторлар қарауына түскеннің өзінде қазіргі президентті биліктен шеттету үшін 100 адамның 67-сі оны қолдап дауыс беруі қажет. Ал олардың тең жартысы демократтар екенін ескерсек, резолюцияға қол қою үшін тағы 17 республикандықтың дауысы керек.

Айта кетейік, таяудағы бүлікке байланысты қазір Капитолийдің қауіпсіздігін Ұлттық гвардия әскерилері қамтамасыз етіп жатыр.