Капитолийді күзетуші сарбаздар ұйықтап жатқан жерінен фотоға түсіп қалды

Вашингтонда болған Капитолий ғимаратын басып алудан кейін бір апта уақыт өтті. АҚШ-тағы ресми тұлғалар Джо Байденнің инаугурациясы кезінде оқиғаның қайталануын болдырмау үшін ғимаратты күзетуді қолға алған. Осыған байланысты Капитолийге ұлттық гвардияның 6 мың сарбазы жіберілген болатын. Бұл туралы New York Times басылымы хабарлады.

Ал осы басылымның Вашингтондағы фотосуретшісі Эрин Шафф «Капитолийді күзетеді» деген гвардияшылардың ұйықтап жатқан фотосын Twitter парақшасында жариялады.  

«Бүгін таңертеңгі Капитолийдегі көрініс, әдетте спикер Пелоси осы жермен өз кабинетіне қарай өтеді», — деп жазды Эрин Шафф фотокадр туралы.

Естеріңізге сала кетсек, 6 қаңтарда Трамптың жақтастары Капитолийге басып кірген еді. Тәртіп сақшылары мен наразылардың арасындағы қақтығыстан 5 адам қаза тапты. Жалпы Ақ үй басшысының президенттік мандаты 20 қаңтарда аяқталады. Дәл осы күні жаңа сайланған президент Джо Байденнің инаугурациясы өтеді.

ErinSchaff

Аударған: Г.Абилова