Португалияда қатаң карантин енгізіледі

Португалияда коронавирусты жұқтырғандардың артуына байланысты алдағы жұмадан бастап қатаң карантин енгізілетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара ертеңнен бастап күшіне енеді. Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Антониу Кошта мәлім етті. Шаралар былтыр індеттің алғаш тараған кезінде енгізілген шектеулердей болмақ. Яғни ел тұрғындары мүмкіндігінше үйден шықпай, жұмысты қашықтан істеуі тиіс. Дәріхана, банк және азық-түлік дүкенінен басқа барлық сауда орындары жабылады. Мейрамхана мен дәмханалар тамақты үйге жеткізіп беру қызметіне көшеді. Мектептер жұмысын жалғастыра бермек. Тәртіпті бұзғандар үшін айыппұл өсіріледі. Айта кетейік, Португалияда вирусты жұқтырғандар саны 500 мыңнан асқан.