Трамп екінші рет импичмент жарияланған алғашқы президент ретінде тарихта қалды

Бүгін АҚШ-тың өкілдер палатасы Дональд Трампқа импичмент жариялап, президенттің қызметінен кетуін талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, Трамп екінші рет импичмент жарияланған алғашқы президент ретінде тарихта қалды.

Палата мүшелері Трампқа халықты бүлікке шақыру және тәртіпсіздіктерге итермелеу айыптары бойынша кінә тағып, резолюцияны дауысқа салды. Нәтижесінде 232 сенатор импичмент процесін қолдап, қарсы болғандар саны 197 құрады. «Иә» деп дауыс бергендердің арасында Трамптың 10 партияластары – республикалықтар да бар. Дауыс бергендердің дені Ақ Үй басшысын Капитолийге жасалған шабуылдар мен қайтыс болғандардың алдында жауапты деп сынға алып, билікті жүргізуге еш құқықығы жоқ деп мәлімдеді. Айта кетейік, импичмент резолюциясы толықтай күшіне ену үшін Сенатқа жіберіліп, тағы да дауыс берілуі тиіс. Алайда Джо Байденнің иннагурациясына бар жоғы бір аптадай уақыт қалды. Сол себепті бұл аралық Сенат үшін жеткіліксіз болуы мүмкін дейді мамандар.

Нью-Йорк тұрғыны:

– Бұл тым кеш қабылданған шешім деп ойлаймын. Бір-ақ апта уақыт қалды. Трамптың импичментке түсіп жатқандығына таң қалудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Одан да оның Сенаттағы жақтастарына қарау керек сияқты. Олар әлі де Санат өкілдері және де бұл біздің еліміз үшін қауіпті болуы мүмкін.

Нью-Йорк тұрғыны.

– Менің ойымша Трамп республикалық немесе демократтық партиялардың өкілі емес. Ол тек өзінің ғана жеке басын ойлайды. Оның президент болуға ешқандай білімі де біліктілігі де жоқ. Оған импичмент жариялап жатқанына қуаныштымын.