ДДСҰ: COVID-19 пандемиясының екінші жылы ауыр болуы мүмкін

COVID-19 пандемиясының екінші жылы біріншісіне қарағанда ауыр болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі директоры Майкл Райан осындай пікірде.

Майкл Райан, ДДСҰ төтенше жағдайлар жөніндегі директоры:

- Коронавирус пандемиясы екінші жылға ауды. Аурудың таралу динамикасын ескерсек, биылғы жағдай былтырдан да ауыр болуы мүмкін. Әсіресе, Еуропа мен Солтүстік Америкадағы жағдай күрделі. Ауа райының қолайсыздығынан індет ел арасында тез тарай бастады.

Майкл Райан ауру жұқтыру дерегі бойынша соңғы екі аптаның статистикасы рекордтық көрсеткішке жеткенін айтып отыр.

Айта кетейік, соңғы аптаның өзінде әлемде 5 млн-ға жуық адам коронавирус жұқтырса, 85 мыңнан астамы осы кеселден көз жұмды. Науқастардың басым бөлігі Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Еуропа елдерінің тұрғындары екен.

Сондай-ақ...