420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда сегіз айда алғаш рет коронавирустан бір адам қайтыс болды

  • 92
  • UPD: 09:51, 14.01.2021
Қытайда сегіз айда алғаш рет коронавирустан бір адам қайтыс болды

Қытайда сегіз айдан бері алғаш рет науқас коронавирустың асқынуынан көз жұмды.

Өлім жағдайы 13 қаңтарда Хэбэй провинциясында тіркелген. Бұл туралы Қытайдың гигиена және денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Өткен тәулікте коронавирустың 138 жағдайы тіркелді, бір науқас қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, республикада өткен жылдың 16 мамырынан бері коронавирустан болған өлім жағдайы тіркелмеген.

Соңғы мәліметтерге сәйкес Қытайда COVID-19 инфекциясының барлығы 87 844 жағдайы тіркелді, оның ішінде 82 324 науқас сауығып шықты, ал 4635 адам қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы