Мұз дәуірінің басталу қаупі төніп тұр – ғалымдар

Антарктидадағы айсбергтердің еруі тізбекті реакцияны тудыруы мүмкін, ол жаңа мұз дәуірінің басталу қаупін төндіреді.

Бұл туралы Daily Mail Кардифф университеті зерттеушілерінің мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.

Ғалымдардың айтуынша, еріп жатқан айсбергтер тұщы суды Атлант мұхитына біртіндеп араластырып жатыр. Бұл процесс мұхит айналымының өзгеруін тудырады, ол өз кезегінде климаттың салқындау қаупін төндіреді.

Зерттеушілер айсбергтердің еруі мен мұхит циркуляциясы арасындағы байланыс соңғы 1,6 миллион жылда әрбір мұз дәуірінің басында болғанын анықтады.