Нидерландта тұрғындарды жаппай тестілеу басталды

Нидерландта тұрғындарды жаппай тестілеу басталды
Ferra.ru

Нидерландтың Лансингерленд қалашығында коронавирустың жаңа штамын жұқтыру тіркеліп, тұрғындарды жаппай тестілеу басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Британиялық вирус қаладағы бір мектептің мұғалімдері мен оқушыларынан анықталған. Салдарынан індеттің таралу қауіпі күшейіп, билік 60 мың тұрғыны бар қала халқын жаппай тексеруді шешті. Шара міндетті болмағанмен үкімет қала тұрғындарының барлығын тест тапсыруға шақыруда. Шаһарда бірнеше ірі тест орыны ашылған.

Еске сала кетейік, бірер күн бұрын Нидерланд үкіметі індеттің таралуын тоқтату үшін желтоқсанның 15-інде енгізілген карантинді тағы 3 аптаға созу туралы шешім қабылдаған.

жергілікті тұрғын:

– Мен биліктің бұл шарасын қолдаймын. Өйткені вирустың жаңа түрі қалада тез тарауы мүмкін. Сондықтан оның алдын алған дұрыс.