Италия саяси дағдарыс алдында тұр

Коалициялық үкіметке кіретін «Италия Вива» партиясы Джузеппе Конте кабинетінен 2 министрін шығарып алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан қазір үш партиядан құралған үкіметтік одақ парламенттегі басымдығынан айырылып, елде қайта сайлау өтуі мүмкін. Партия жетекшісі Маттео Ренци болса кикілжіңге Премьер-министр Джузеппе Контенінің экономикалық саясаты себеп дейді. Ол үкімет басшысының Еуроодақтың ел экономикасын қалпына келтіруге бөлген қаржысына қатысты саясаты дұрыс емес деп сынға алуда. Бірақ мәселені шешу үшін келіссөз жүргізуге дайын екенін айтады.