АҚШ-та толассыз жауыннан лай көшкіні жүрді

 

АҚШ-тың Орегон штатында бірнеше күн қатарымен жауған жауын салдарынан лай көшкіні басталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтағы өзендер де арнасынан тасып жатыр. Апаттан Додсон ауданының маңындағы тас жол жабылып, көлік қатынасы тежелді. Құтқарушылар көшкіннен зардап шеккендердің бар жоғын анықтап жатыр. Мәселен, жолдарға ағаштар құлап, электр желілері үзілген. Мамандар өңірге тұрғындардың жоламауын сұрайды. Қазір жолдарды тазарту үшін арнайы техника тартылып жатыр.