Өңір тұрғындарын қарлы боран да әбігерге салды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Табиғаттың тосын мінезінен аймақтағы 4 мыңнан астам адам жарықсыз отыр. Билік өкілдері бұл сан тағы артуы мүмкін дейді. Кей жерлерде жауған қардың қалыңдығы жарты метрден асқандықтан, теміржол қатынасы тежелді. Бұған қоса, синоптиктер ауа температурасының тағы да төмендейтінін ескертіп отыр. Жергілікті билік тұрғындарды алыс сапарға шықпауға шақырады.