Қытайда кедендік аймақтағы жарылыстан бір адам қаза тапты

Қытайдың солтүстігіндегі Тяньцзинь қаласындағы арнайы кедендік аймақта орналасқан TWC автобөлшектерін жеткізуші мекемеде жойқын жарылыс болды.

Салдарынан кем дегенде бір адам қаза тауып, жеті адам жарақат алды.

Оқиға Бейжің уақытымен 12:50 шамасында болған. Барлық жарақат алғандар ауруханаға жіберілді. Құтқарушылардың айтуынша, үйінділер астында зардап шеккендер жоқ. Жарылыстың себебі анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.