Кенияда коронавирустың 16 жаңа штамы анықталды

Кенияның оңтүстік-шығысында ғалымдар SARS-CoV-2 коронавирусының 16 жаңа түрін анықтады.

Бұл туралы Кения медициналық зерттеулер институтына сілтеме жасай отырып The East African басылымы хабарлайды.

Маусым мен қазан аралығында алынған үлгілерден инфекцияның 16 мутациясы анықталған. Олардың 12-сі анықталған облыстарда қалса, ал төртеуінің жұғу көрсеткіші жоғары болып, Кения аумағында таралған.

Ғалымдардың айтуынша, аурудың саналуандылығы елдегі эпидемиологиялық жағдайды ушықтырып жіберген: олар тез таралады және бастапқы кезеңде анықтау өте қиын.

Ал Джонс Хопкинс институтының мәліметінше, Кенияда коронавирустың жаңа түрімен ауырғандар саны 98,4 мың адамға жетсе, одан қайтыс болғандар саны 1,7 мыңға жуықтаған.

Бұған дейін Германияда коронавирустың жаңа штамы анықталғанын хабарлағанбыз.