419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда жүре алатын орындық жасалды

  • 62
  • UPD: 15:42, 14.01.2021

Жапонияда жұмысын тік тұрып істейтін мамандарға арнайы құрал жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа құрылғы зауыт жұмысшылары мен хирургтар сияқты мамандарға арналған. Бірегей құрал адамның аяғына арнайы белбеу арқылы бекітіліп, оның денесіне түсетін салмақты азайтады, аяқтың талмауына көмектеседі. Әрі онымен жүруге де болады. Жапонша «Жүре алатын орындық» деп аталатын аппараттың салмағы – екі келі. Ғалымдар оны жуық арада сатылымға шығаруды көздеп отыр. Бір құрылғының құны 5 мың доллар болмақ.

Хабар 24 телеарнасы