Кенияда коронавирустан көз жұмғандар саны өсіп барады

Кенияның оңтүстік-шығысынан COVID-19-дың жаңа 16 штамы анықталды.

Бұл туралы осы елдің Медициналық зерттеулер институтының мамандары мәлімдеді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталған мутация түрлерін зерттеуге шұғыл кіріскен. Ғалымдар әсіресе 4 штамның аса белсенді екенін айтады. Оның үстіне жаңа мутациялық өзгерістерді зертханада анықтау қиын, себебі олар аурудың бастапқы кезеңінде байқала қоймайды. Әрі кениялық штамдар «британиялық» түрге мүлдем ұқсамайды екен.

Естеріңізге сала кетейік, Кенияда коронавируспен жүз мыңға жуық адам ауырып, 1700-ден астам науқас қайтыс болды.