Иран әртүрлі қашықтыққа арналған зымырандарын сынақтан өткізді

Құрлықтан және кемеден атылған снарядтар Оман шығанағы мен Үнді мұхитының солтүстік бөлігіндегі нысаналарға дәл тиді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан басқа, сүңгуір қайықтар жіберген торпедолардың қуаты көрсетілді. Сондай-ақ ел тарихындағы ең ірі теңіз әскери кемесі таныстырылған. Бұл сынақтар кеше басталған 2 күндік әскери-теңіз күштерінің жаттығуы аясында өтіп жатыр. Иран адмиралдары: «еліміздің теңіз шекарасына басқыншылық әрекет жасаған кез келген жауымыз, өздеріне қарсы жойқын тойтарыс болатынын білсін» деп мәлімдеді. Соңғы айларда Иранның ядролық бағдарламасына қатысты АҚШ пен Батыс елдері тарапынан қысым күшейе түсті.

Сондай-ақ...