Бангладеште босқындар лагері өртенді

Бангладештің оңтүстік-шығысындағы босқынадр лагерінің бірінде өрт шығып, мигранттардың 500-ден астам үйі өртеніп кетті.

Лаулаған жалын лагерьдегі инфрақұрылымды да тып-типыл етті.  Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.

Ақпарат бойынша оқиғаға дейін Наяпара лагерінде 3 жарым мыңнан аса босқын тұрып жатқан. Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдігі өрттен жапа шеккен барлық мигрант баспанамен қамтамасыз етілетінін жеткізді.

Айта кетейік, Бангладештің оңтүстігіндегі мұндай лагерьлерде 1 милионнан астам босқын тұрады. Олардың барлығы Мьянмада қудалауға ұшырап, көрші Бангладешке бас сауғалаған рохинджа мұсылмандары.