Испания бораннан болған шығынды есептеп жатыр

Испания астанасы Мадридте қарлы бораннан келген шығын көлемі есептеле бастады. Әзірге  ол 1 миллиард 700 миллион долларға бағаланып отыр.

Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады.

Айтуынша, бұл сома алдағы уақытта артуы да мүмкін. Қазір қала көшелерін басып қалған қалың қарды коммуналдық қызмет аршып үлгере алмай жатыр. Осы уақытқа дейін жолдардың тек 15 проценті ғана қардан тазартылған. Өз кезегінде шаһар басшысы қаланы апатты аймақ қатарына жатқызу керектігін айтты. Өйткені дауыл 150 мың ағашты құлатып, ғимараттар мен көліктерге айтарлықтай зақым келтірген. 4 адам қаза тапты.

Абель Изкьердо, дүкен сатушысы:

- Жолдарды қар басып қалғандықтан дүкенге қажетті тауарды өзім әкелуіме тура келді. Бір қуанарлығы, біз күн сайын жұмыс істедік. Өйткені мен жұмысқа жақын жерде тұрамын.