417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

111 жастағы қария ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты

  • 351
  • UPD: 12:53, 15.01.2021
111 жастағы қария ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты Happy Mag

Австралиялық қарт ұзақ өмір сүрудің құпиясын бөлісті.

Квинсленд штатының Рома қаласында өмір сүретін Декстер Крюгер (Dexter Kruger) 13 қаңтарда 111 жасқа толғанын атап өтті. COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген шектеулер себеп ақсақал көп қонақ шақыра алмаған. Бірақ оған бола Крюгердің ұнжырғасы түспеген.

LADBible-ге берген сұхбатында Крюгер ұзақ ғұмыр сүрудің құпиясы қарапайым екенін айтты. «Тыныс алуды тоқтатпа, күніне үш рет тамақтан, уақыт өзі өтіп кетеді». Австралиялық жиі ән айтып, күнделікті көп мөлшерде асшаянды тұтынатынын айтады.

Австралиялық өмірінде жақсы сәттер көп болғанына сенімді. Түрлі қиындықтарға қарамастан, алға үмітпен қарау керектігін тілге тиек етеді. Адамзат коронавируспен күресте де жеңіске жетеді дегенді алға тартты: «Мүйізді ірі қарамен жұмыс істегенмін, сонда көп мәселені осы вакцинаның арқасында шештік. Бұл вируспен де солай болады».

Бұған дейін 122 жастағы кейуана ұзақ өмір сүрудің құпиясын бөліскенін хабарлағанбыз.

Осы тақырып бойынша өзге материалдар:

Ұзақ өмір сүруге әсер ететін өнімдер аталды

Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағаттық ұйқы қажет

Иммунологтар: Коронавирус адамның өмір сүру ұзақтығына әсер етеді

Адам жасын он жылға ұзартудың жолы айтылды

Ғалымдар қартаюды баяулатудың әдісін тапты

Адам өмірін 17 жылға ұзартатын жеміс табылды

Зейнеткерлердің өмір сүруіне ең қолайлы елдер аталды

Қан тобының өмір сүру ұзақтығына қалай әсер ететіні белгілі болды

Кәріліктің емі табылды

Хабар 24 телеарнасы