Байден АҚШ экономикасын құтқару жоспарын ұсынды

АҚШ астанасында жаңа сайланған президент Джо Байденді ұлықтау рәсімі алдында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр.

Салтанатты шара кезінде шаһардағы тәртіпті қадағалуға Ұлттық гвардияның 20 мың сарбазы жұмылдырылмақ. Бұл туралы шаһар билігі мәлім етті. Бүгін Вашингтонға 10 мыңдай жауынгер келуі тиіс. Капитолийге апаратын барлық жолдар мен қаладағы саябақтар жабылып, кей көрікті жерлер де жұмысын тоқтатады. Онашақты метро станциясын жабу қарастырылған. Конгресс ғимаратына тек қос палата мүшелері мен қауіпсіздік қызметі өкілдеріне ғана кіруге рұқсат. Вашингтонмен бірге елдің қалған штаттарының орталықтарында да қауіпсіздік күшейтіліп жатыр.