Коронавируспен ауырған адамда иммунитет бес айға дейін болады

Коронавируспен ауырып шыққан адамдарда жұқпалы дертке қарсы иммунитет жоқ дегенде 5 айға дейін созылады.

Англияның Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің сарапшылары мыңдаған науқасты зерттей келе осындай қорытындыға келді. Шара барысында мамандар 6 мыңнан астам адамды тексеріп, олардың ішінен тек 44 адам вирусты қайта жұқтырғанын анықтаған. Сарапшылар зерттеуді одан әрі жалғастыруды көздеп отыр.

Сьюзан Хопкинс, Англия қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің сарапшысы:

- Біз вирусқа қарсы вакцина қолданылғаннан кейін қандай өзгерістер болатынын алда әлі көп талқылаймыз деп ойлаймын. Себебі екпе келешекте жұқпалы дертке қайта шалдығудан толықтай қорғайды деп айтуға келмес. Сондықтан алдын ала қажетті сақтық шараларын қарастырған жөн.