Колумбияда алтын өндіретін шахтада бес адам қаза тапты

Колумбияның батысында алтын өндіретін шахтаның құлауынан бес адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды.

Оқиға Каука департаментінде орналасқан Сантандер-де-Киличао қаласында болды, деп хабарлады korrespondent.net.

Алтын шахтада заңсыз өндірілген деген болжам бар. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, шахта жұмысы бұрын тоқтатылған.