Ең көне планета табылды

Астрономдар жасы 10 млрд жыл болатын ең көне планетаны тапты.

Планета Жерден 1,5 есе үлкен және 10,5 сағаттық орбиталық кезеңмен TOI-561 жұлдызының айналасында айналады. Зерттеу нәтижелері The Astronomical Journal басылымына жарияланды.

Планетаның тығыздығы Жердің тығыздығымен бірдей, ол жеңіл элементтерден тұрады.