Нью-Йоркте жолаушылар автобусы биіктіктен құлады

Нью-Йоркте жолаушылар автобусы биіктіктен құлап, автомагистральдағы эстакадаға ілініп қалды.

Бұл туралы Нью-Йорк қаласының полиция департаменті Twitter-де хабарлады.

Автобустың алдыңғы бөлігі жерде, ал артқы жағы эстакадаға ілініп қалды. Алдын ала мәліметтер бойынша жеті-сегіз адам жарақат алды, оның ішінде автобус жүргізушісі ауыр жараланған.

Апат Кросс Бронкс пен Юниверсити авеню магистральдарының қиылысында болған. Автобус қоршауды бұзып өтіп, сынған. Құлау биіктігі 15 метрден асады.