417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Солтүстік Корея жаңа баллистикалық зымырандарын көрсетті

  • 240
Солтүстік Корея жаңа баллистикалық зымырандарын көрсетті

Бұл оқтар сүңгуір қайықтардан атылады.

Заманауи зымырандар әлем назарына партия конгресінен кейінгі әскери шеру кезінде ұсынылды. Жергілікті мемлекеттік телеарна бұл қару дүние жүзіндегі ең жойқын, ең қуатты деп хабарлаған. Ал Ким Чен Ын 5 жыл сайын өтетін партия жиналысында «АҚШ - біздің басты жауымыз» деп мәлімдеген. Құрама Штаттардың жаңадан сайланған президенті Джо Байден Солтүстік Кореяның осы конгресін қатаң сынға алып, Ким Чен Ынды «баскесер» деп атаған.

Ким Чен Ын, Солтүстік Корея басшысы:

 - Біз ең қуатты қарулы күштерге ие болсақ та, ядролық соғысты болдырмас үшін барымызды салуымыз керек. Әскеріміз қауіп-қатердің кез келген түріне немесе күтпеген жағдайларға қарсы тұруға сақадай сай болуы тиіс. Социалистік жетістігіміздің келешегі ұлттық экономиканы дамытудың 5 жылдық жоспарына байланысты болмақ.

Кацунобу Като, Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы:

- Біз Солтүстік Кореяның зымырандарын дамыту ісі туралы ақпарат жинадық. Қазір оны мұқият талдап жатырмыз. Әрі қарай АҚШ-пен бірлескен іс-қимылымызды жалғастыра бермекпіз. Жағдайды үнемі бақылауда ұстаймыз, барлығына дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы