Францияда наурызға дейін 4 млн-ға жуық тұрғынға вакцина салынады

Францияда наурызға дейін 2 миллион 400 мыңнан 4 миллион тұрғынға дейін вакцина салынады.

Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрі Оливье Веран Труа қаласындағы Вакциналау орталығына барған сапарында мәлімдеді. Оның айтуынша, Франция жоспарға сәйкес, апта сайын «Файзер-Байонтек» екпесінің 500 миллион дозасын алмақ. Сондай-ақ осы аптада елге «Модерна» вакцинасы жеткізіле бастайды. Бұған дейін премьер-министр Жан Кастекс қаңтардың соңына дейін 1 миллионнан астам азамат екпе қабылдайды деп айтқан болатын.

Оливье Веран, Францияның денсаулық сақтау министрі:

- Бізге аздаған уақыт және кішкене сабыр керек. Қыстың соңғы айлары мен апталарында және көктемнің басында тағы біраз вакцина алдырамыз. Бұл екпелерді Еуропаның медицина саласының басшылары бекіткенін айта кетуім керек. Бұл бізге вакциналауды жандандыруға жақсы мүмкіндік бермек.