Антониу Гутерриш: Әлем жантүршігерлік жағдайды бастан кешіп отыр

Әлем бойынша коронавирустан қайтыс болғандар саны 2 млн-нан асты.

Бұл Джонс Хопкинс университеті келтірген дерек. Біріккен Ұлттар Ұйымының басшысы Антониу Гутерриш: «Дүниежүзі жантүршігерлік жағдайды бастан кешіп отыр» деді.

«Бұл жайбарақат жарияланар салар мәлімет емес. Бейбіт заманда 2 миллион. азаматтан айырылу жүректі ауыртатын мәселе», деді ол. Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дәл қазір иммунитет құжатын айналымға шығару жайын әзірше ірке тұрған жөн дейді. Коронавирусқа қарсы екпе салдырғандар тым аз. Олардың қатары арта қоятын жақты да дәл қазір болжау қиын. «Демек, құжат ұстатып, бұлар қауіпсіз жандар деуге әлі уақыт қажет болады», депті өкілетті мамандар.