423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Германияда карантинді бұзғандар арнайы мекемеге жіберіледі

  • 334
  • UPD: 10:23, 16.01.2021
Германияда карантинді бұзғандар арнайы мекемеге жіберіледі

Германияда карантин талаптарын бұзғандар үшін «күштеп орналастыру мекемесі» пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саксония билігі тиісті бастаманы қолға алмақ. Ережеге бағындағандар Дрезден қаласындағы босқындарды қабылдау орталығына жіберіледі. Бұл орын 2017 жылы салынған. Билік оны қайта жабдықтау жағын қарастырып жатыр. Мекеме төңірегі қоршалған. Оны полицейлер бақылап отырады. Мамандардың түсіндіруінше, бұл орынға карантин ережелерін бірнеше рет бұзған азаматтар ғана күштеп орналастырылады. Жалпы Саксония жерінің денсаулық сақтау министрі ұқсас бастаманы былтыр да көтерген. Бірақ ол кезде карантин ережелерін елемегендерді психиатриялық емханаларға не қонақүй мен ауруханаға жіберу ұсынылған. Алайда билік бұл идеяны құптамады.

Хабар 24 телеарнасы