417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕО коронавирусқа қарсы вакцинация сертификатын енгізуді қолдайды

  • 181
  • UPD: 12:37, 16.01.2021
ЕО коронавирусқа қарсы вакцинация сертификатын енгізуді қолдайды фото: rbc.ru

Еуроодақта коронавирусқа қарсы вакцинацияның сертификатын енгізу бастамасы қызу талқылануда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйенның айтуынша, бұл құжат алдағы уақытта медициналық қажеттілікке айналмақ. Алайда оның заңды түрде қолданылу мәселесі Еуроодақ басшыларымен әлі жан-жақты зерттелу керек. Фон дер Ляйен: «Вакцинация сертификаты бар адамдар мен теріс ПТР-тест нәтижесі бар тұрғындардың Еуроодақ елдері бойынша жүріп-тұруына бірдей жағдай жасалу керек» дейді. Бұл туралы саясаткер Лиссабонда өткен баспасөз конференцияда хабарлады.

Естеріңізге салайық, Еуроодақта екпе егу науқаны желтоқсанның аяғы мен қаңтардың басында басталған. Бүгінде препараттың жетіспеушілігінен екпені әзірге тек медицина қызметкерлері мен қарттар үйінің тұрғындары қабылдауда.

Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссия басшысы:

- Өз басым Грекия премьер-министрінің вакцинация сертификатын енгізу бастамасын қолдаймын. Егер адам коронавирусқа қарсы вакцина қабылдаса, оны растайтын сертификаты болуы тиіс қой. ДДСҰ кеңесі бойынша бұл құжат Еуроодақтың өзге де елдерінде енгізілу керек. Мәселе саяси және заңды деңгейде де шешілуі керек. Бұл сұрақ жақын арада Еуроодақ басшыларымен талқыланады.

Авторы: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы