АҚШ-тың денсаулық сақтау министрі қызметінен кетті

АҚШ-тың денсаулық сақтау министрі Алекс Азар отставкаға кетті.

Бұл туралы CNN ақпарат агенттігі хабарлайды. Азар бұл шешімге жуырда елде орын алған тәртіпсіздіктер себеп болғанын айтады. Шенеунік өз жұмысын жаңа президенттің инаугурациясына дейін жалғастаратын болады.

Айта кетейік, Құрама штаттарында қаңтардың 6-сы болған бүліктен кейін Дональд Трамп кабинетінің 3 мүшесі қызметінен кетті.

Естеріңізге салайық, 6 қаңтар күні Трамп жақтастары Капитолийге баса көктеп кіріп, бүлік шығарған болатын. Салдарынан бірнеше адам мерт болды. Жарақат алғандар да бар.