417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та пандемия басталғалы COVID-19 жұқтырғандар саны 23,5 млн-ға жетті

  • 285
  • UPD: 15:26, 16.01.2021
АҚШ-та пандемия басталғалы COVID-19 жұқтырғандар саны 23,5 млн-ға жетті

АҚШ-та пандемия басталғалы коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 23,5 млн-ға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 39 мыңнан астамы осы кеселден көз жұмды. Бұл Джонс Хопкинс универститетінің мәліметі. Елде соңғы екі апта ішінде вирус құрбандарының саны 42800-ден асып, рекордтық көрсеткішке жеткен. Орта есеппен алғанда тәулігіне 3 мыңға жуық адам қауіпті инфекциядан көз жұмады. Мамандар алдағы 6 күнде тағы 14 мыңнан астам америкалық тұрғын өмірімен қоштасады деп отыр. Президенттік сайлауда жеңіске жеткен Джо Байден болса ел тұрғындарын маска тағу режимінен бас тартпай, қауіпсіз ара-қашықтықты сақтап, халық көп жиналатын орындарға бармауға шақырады.

Джо Байден, АҚШ-тың жаңа сайланған президенті:

- Конгресстің 4 мүшесі коронавирус жұқтырыпты. Сондықтан бетпердемен отыруды талап етемін. Бұл өте маңызды. Өздеріңіз үшін ғана емес, отбасының, туыс-туғандарыңыздың қамын ойлаңыздар. Жеке бас гигиенасына мән беріп, әлеуметтік арақашықтықты сақтаған абзал. Бұдан былай барлық аймақтарда маска тағу режимі міндеттеледі. Әр өңір жеке-жеке есеп беретін болады. Инаугурация кезінде де алдығы 100 күнде халық бетперде тағуы тиіс.

Джо Байден елде екпе егу шарасын күшейту үшін қазынадан қаржы бөлуді жоспарлап отыр. Ал жуырда жаппай екпе егу орталығы ретінде Лос-Анджелестегі әйгілі «Доджер» стадионы ашылды. Жоспар бойынша алдағы аптада бұл орталықта күніне 12 мыңнан астам адам вакцина қабылдайтын болады.

 

 

Хабар 24 телеарнасы