Палестина президенті соңғы 15 жылда алғаш рет жалпыға ортақ сайлау өткізбек

Палестина президенті Махмуд Аббас соңғы 15 жылда алғаш рет жалпыға ортақ сайлау өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаулыға сәйкес заң шығарушы жиналысындағы сайлау ағымдағы жылдың 22 мамыр күні ұйымдастырылса, президенттік сайлау шілденің 31-і өтетін болады. Саяси дода Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторында да ұйымдастырылады.

Естеріңізге салайық, Палестинада соңғы рет сайлау 2006 жылы өткен еді. Ол кезде ХАМАС қозғалысы жеңіске жеткен. Ал, елдің қазіргі басшысы 2005 жылы сайланды.

Сондай-ақ...