Чилиде орман өртінен 25 мың адам эвакуацияланды

Чилидің Вальпараисо елді мекенінде орман өрті өршіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатынан 25 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, өрттен 10-нан астам тұрғын үй күлге айналды. Апаттан жарақат алғандар мен адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін жүздеген өрт сөндіруші мен арнайы техника жұмылдырылды. Мамандар қызыл жалын шамамен 400 гертар орманды жерді тып типыл етті. Алдын ала болжам бойынша өрт қасақана ұйымдастырылған. Тергеу ісі басталды.