417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та қауіпсіздік шаралары күшейтілді

  • 223
  • UPD: 17:09, 16.01.2021
АҚШ-та қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Америка Құрама Штаттары елдің жаңа сайланған президенті Джо Байденнің инаугурация рәсіміне қамданып жатыр.

Штат басшылары ірі шаһарларға әскери жасақтарды тартып, төтенше жағдай жариялауда.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, билік Вашингтондағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аймаққа ұлттық ұланның 25 мың сарбазын алдыртқан. Әзірге оның 7 мыңға жуығы ғана келді.

Айта кетейік, Джо Байденнің инаугурациясы 20 қаңтарда Капитолий ғимаратында өтеді. Қазіргі президент Дональд Трамп шараға қатыспайтынын айтып, 20-сы күні Вашингтоннан кететінін хабарлады.

Жергілікті тұрғын:

- Бәрі де жақсы болады. Инаугурация ойдағыдай болады деп ойлаймын. Салтанатты шараның осылай өтетіні өкінішті. Әдетте инаугурацияны мыңдаған адам тамашалай алатын. Енді өткен аптада болған бүліктен кейін бұл мүмкіндіктен айырылып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы