419,45 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда жаппай вакциналау басталды

  • 358
  • UPD: 21:00, 16.01.2021
Үндістанда жаппай вакциналау басталды

Үндістанда жаппай екпе егу науқаны басталды. Жергілікті билік қолданысқа екі препаратты енгізген. Бірі «Коваксин», екіншісі «Ковашилд» атты үнді препараттары.

Жоспар бойынша наурыз айына қарай аймақта 12 мың вакциналау орталығы ашылады. Вакциналау шарасының бірінші кезеңіне 30 млн адам тартылады. Олардың арасында медицина қызметкерлері мен полиция өкілдері бар. Ауқымды шараның бірінші күні 300 мың адамға екпе егіледі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үнді билігін жаппай екпе егу шарасын барынша жылдамдатуға шақырды. 1 млрд 300 млн тұрғыны бар Үндістан әлем елдері арасында коронавируске шалдыққан науқастар саны бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы