Британиядағы көне шіркеу коронавирусқа қарсы екпе егу орталығына айналды

Ортағасырлық тарихы бар ғимарат Личфилд қаласында орналасқан.

Ғибадат етуге арналған орын уақытша халықты иммунизациялауға арналған орталыққа айналды. Ашылған күннен бастап вакцина қабылдау үшін келгендердің қарасы қалың болды. Арасында 80 жастан асқан қариялар көп.

Естеріңізге салайық, жергілікті билік ақпанның ортасына дейін созылмалы ауры бар тұрғындар мен егде жастағы азаматтарға екпе егуді жоспарлаған болатын. Сарапшылардың болжамы бойынша бұл шараға шамамен 2 млн доза вакцина кетуі мүмкін.  

БЛИЦ:

- Ғимарат осындай мақсатта қолданылады деп еш ойлаған жоқ. Халықтың қамын ойлаған шіркеудің әкімшіліге алғысым шексіз.