417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияда кеме апатынан 34 мигрант құтқарылды

  • 169
  • UPD: 09:32, 17.01.2021
Испанияда кеме апатынан 34 мигрант құтқарылды

Испанияның жағалау күзетінің қызметкерлері  Гран-Канария аралының маңында 34 мигрантты өлім аузынан аман алып қалды.

Атлант мұхитына жолға шыққан келімсектердің арасында 20 әйел мен 3 кәмелет жасқа толмаған бала бар. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, екі адам ауыр жарақат алған. Қызыл крест ұйым өкілдері бір бала қаза тапқанын хабарлайды.

Айта  кетейік, өткен жылы Испанияның Канар аралдарына келген мигранттардың саны 2019 жылмен салыстырғанда  8 есе артық болды. Елдің ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, былтыр аймаққа 21 мың 400-ден астам кірме келген екен. Олардың дені - Африка елдерінің азаматтары.

 

Хабар 24 телеарнасы