419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Венада 6000-нан астам адам карантинге қарсы шеруге шықты

  • 209
  • UPD: 18:39, 17.01.2021
Венада 6000-нан астам адам карантинге қарсы шеруге шықты

Австрияның Вена қаласында халық биліктің коронавирусқа қарсы қабылдаған қатаң шектеу шараларына қарсы ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһар көшелеріне 6 мыңнан астам адам жиналған. Арасында студенттер мен кәсіпкерлер бар. Наразылар «шектеу шаралары ел экономикасын ғана емес, қарапайым халықтың да қалтасын қақты», дейді. Студенттер қашықтан оқу форматынан әбден мезі болғанын айтады. Австрия билігі елдегі карантинді қаңтардың 24-іне дейін ұзартпақ ниетте. Нақты шешім бүгін жарияланады. COVID-19 пандемиясы басталғалы елде 390 мың адам қауіпті вирус жұқтырып, оның 7 мыңға жуығы көз жұмды.

Блиц 1:

- Карантин талаптарынан әбден шаршадым. Биліктің бұл шешімімен мүлдем келіспейміз. Бәрімізді тығырыққа тіреді. Қашанғы осылай жалғаса береді?

Блиц 2:

- Бұрынғы тыныс-тіршілікке оралатын кез келді. Әлеуметтік арақашықтық пен жеке бас гигиенасына қарсы емеспіз. Бірақ бұдан былай қамалып отыру мүмкін емес.

Хабар 24 телеарнасы