417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австрияда локдаун режимі 7 ақпанға дейін ұзартылды

  • 190
  • UPD: 18:29, 17.01.2021
Австрияда локдаун режимі 7 ақпанға дейін ұзартылды фото: russian.rt.com

Австрияда коронавирус жағдайына байланысты локдаун режимі 7 ақпанға дейін ұзартылды.

Бұл туралы Австрия канцлері Себастьян Курц мәлімдеді.

«Біз локдаунды ұзартуымыз керек. Сондай-ақ үйден шығуды шектеуіміз қажет. Сарапшылардың айтуынша, індеттің жеті күндік көрсеткіші 50-ге дейін жеткенде ғана ашыла бастаймыз», - деді ол.

Курцтың айтуынша, бұл дегеніміз, Австрияда күнделікті коронавирус жұқтырғандар саны 700-ден аспауы керек.

Бұл ретте қоғамдық тамақтану орындары мен қонақүйлер ақпанның аяғына дейін жабық болады.

Сондай-ақ ол азаматтарды қажетті екі метрге дейінгі қоғамдық арақашықтықты одан әрі ұзартуға шақырды.

Оның айтуынша, локдаун елде коронавирустың британдық және оңтүстікафрикалық штамдардың анықталуына байналысты ұзартылған.

Австрияда карантиннен шығу 8 ақпаннан бастап кезең-кезеңмен басталады. Алдымен сауда үйлері, қызмет көрсету орындары, мектептер мен музейлер ашыла бастайды.

Австрияда үшінші локдаун 26 желтоқсаннан 18 қаңтарға дейін енгізілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы