Пандемия кезінде Өзбекстаннан жөнелтілетін жүктің 90%-і Қазақстан арқылы өтті

Дүниені дүрліктірген індетке байланысты іргедегі көршілер үшін түрікмендер шекарасын жауып, оңтүстік көлік дәлізі жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан автокөлікпен жүк тасымалы көлемі 33%-ке азайған. Бұл – 2020 жылдың алғашқы тоқсанындағы көрсеткіш. Өзбекстанның көлік-логистика саласы тұралап қалмауы үшін Қазақстан Өзбекстанға солтүстік, шығыс және батыс бағыттарына жол ашып отыр.

Сардор Өмірзақов, Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары:

- Қазақстан Үкіметі мүшелерімен өте тығыз байланыс орнаттық. Пандемияның алғашқы айларында әр көлікті қазақ-қытай және қазақ-ресей шекараларынан өткізіп отырдық. Қазақстан Үкіметі осы орайда бізге көп көмектесті.