419,48 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испания жұрты вакцинаның екінші дозасын қабылдап жатыр

  • 184
  • UPD: 08:00, 18.01.2021
Испания жұрты вакцинаның екінші дозасын қабылдап жатыр

Испанияда Pfizer мен BioNTech компаниясы өндірген препараттың екінші дозасы қарттар үйінің тұрғындарына егіле бастады.

Мамандардың айтуынша, препараттың тиімділігі үшін екпені бірінші қабылдағаннан кейін 3 апта өткен соң вакцинаның екінші дозасы енгізілу керек.  Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, күні бүгінге дейін 768 мың адамға Pfizer мен BioNTech компаниясының екпесі егілген. Жуырда Moderna өндірген препарат та қолданысқа енгізілді. Оны шамамен 500 адам қабылдап үлгірген. Жергілікті билік жазға дейін 47 млн халықтың 70 процентіне екпе егіледі деп жоспарлап отыр.

Леокадия Пенья, қарттар үйінің тұрғыны:

- Аурудан сақтанғанымыз жөн. Вакцинаны алғашқы қабылдағандардың бірі болғаныма қуаныштымын. Биліктің жаппай екпе егу шарасы оң нәтижесін береді деген үміттемін.  Жақын арада пандемия аяқталып, қалыпты өмірімізге ораламыз деп ойлаймын.  

Роза Виланова, қарттар үйінің басшысы:

- Вакцинацияның бірінші кезеңі сәтті аяқталып, келесісіне өткенімізге қуаныштымын. Алдағы уақытта қарттар үйінің тұрғындарына ғана емес, барша халыққа да екпе егіледі деп сенемін. Ұжымдық иммунитет қалыптасады деп ойлаймын. Бұған бәріміз де атсалысуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы