Жапониядағы дәмханалар карантинге құлақ асып жатқан жоқ

Токиода жарияланған төтенше жағдай режиміне қарамастан аймақтағы көптеген барлар мен мейрамханалар жұмысын тоқтатқан жоқ. 

Жергілікті биліктің талабына қарамастан заңды бұзғандардың қатары күннен күнге артып барады.

«Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша өткен демалыс күндері кешкі сағат сегізден кейін қоғамдық тамақтану орындарына келгендердің де қарасы қалың.

Тұрғындардың айтуынша, үйде ас әзірлеп тамақтанғаннан гөрі сыртта тамақтанған әлдеқайда арзан. Оның үстіне көбі кешкі асын сағат сегізге дейін жеуге үлгіре алмайтын көрінеді. Билік өкілдері бұлай жалғаса беретін болса, аймақтағы эпидемиологиялық ахуал қиындай түсуі мүмкін деп дабыл қағады.