Австрия үшінші рет локдаун жариялады

Австрия билігі үшінші локдаун жариялады. Шектеу шаралары 7 ақпанға дейін жалғаспақ. Осыған байланысты елде тәулік бойы коменданттық сағат енгізілді. Үйден шығу үшін нақты себеп болуы тиіс. Ал оқушылар мен студенттер онлайн оқиды.

Билік ел аумағына коронавирустың жаңа штамы енуі мүмкін деп алаңдап отыр. Канцлер Себастьян Курц тұрғындарды барлық шектеу шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Себастьян Курц,  Австрияның федеральды канцлері:

- Алдағы апталардағы жағдай көптеген кәсіпкер, ата-ана, балалар және бәріміз үшін қиын болғалы тұрғанын түсінуіміз керек. Бірақ бұдан біз ұтылмаймыз. Егер карантинді қазірден жарияламасақ, онда індетті жұқтыру жағдайы ушығып, локдаунды бұдан да ұзақ уақытқа ұзартуға мәжбүр боламыз.