Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 95 млн-нан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 95 миллионнан асты, деп хабарлады Джонс Хопкинс университеті.

Университеттің соңғы мәліметтеріне сәйкес 95 003 533 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. COVID-19 жағдайларының ең көп саны АҚШ-та тіркелді – 23,9 млн-нан астам.

Пандемия басталғалы аурудан әлемде екі млн-нан астам адам қайтыс болды, 52,2 млн-нан астам адам сауығып кетті.

Сондай-ақ...