Индонезияда жер сілкінісі мен су тасқынынан 96 адам құрбан болды

Индонезияның Сулавеси аралындағы жер сілкінісі мен Калимантандағы су тасқыны құрбандарының жалпы саны 96-ға жетті.

Шамамен 70 мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, деп хабарлады Синьхуа.

Мәліметтер бойынша Индонезияның Батыс Сулавеси провинциясында 6,2 магнитудалы жер сілкінісінен 81 адам көз жұмды, тағы 15 адам Оңтүстік Калимантан провинциясындағы су тасқынынан құрбан болды.