432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

The Beatles-тің соңғы альбомына продюсерлік жасаған Фил Спектор түрмеде көз жұмды

  • 145
  • UPD: 12:04, 18.01.2021
The Beatles-тің соңғы альбомына продюсерлік жасаған Фил Спектор түрмеде көз жұмды Diez.md

Поп-музыка тарихында ең танымал продюсердің бірі саналатын Фил Спектор 82 жасында түрмеде көз жұмды.

Ол актриса Лана Кларксонды өлтірді деген айыппен абақтыға жабылған болатын. Бұл туралы TMZ хабарлайды.

Басылым мәліметінше, Спектор коронавирустан туындаған асқынудан қайтыс болған.

Спектор көпшілікке дыбыс жазбасында «дыбыс қабырғасы» техникасын енгізумен танылған.

Одан қалды ол The Beatles тобының Let It Be деп аталатын соңғы альбомына продюсерлік жасаған. Сондай-ақ The Rolling Stones-пен де бірге жұмыс істеген.

Ал 1989 жылы оның есімі рок-н-ролл Даңқ залына енгізілген.

Хабар 24 телеарнасы