Байденнің инаугурациясы тыныш өтпеуі мүмкін

АҚШ-тың бірнеше штатының Капитолий алдында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр.

Джорджия, Миннесота, Огайо, Орегон, Вашингтон және Висконсинге ұлттық ұлан сарбаздары тартылып, ғимараттар айналасына қоршау тұрғызылуда. Бұған себеп Джо Байденді ұлықтау рәсіміне байланысты қарулы топтар шеруге шығуы мүмкін деген ақпарат тараған. Тіпті Вирджиния штатының орталығы Ричмондта төтенше жағдай жарияланып, алаңдар жабылды. Ал Флорида мен Оклахома штаттарында депутаттар үйден жұмыс істейді. Висконсинда Капитолийдің терезелері темір сыммен бекітілді.

АҚШ-тың Федералды тергеу бюросының ескертуінше, Джо Байденді ұлықтайтын мерзімге қарай тәртіпсіздіктер қайта жандануы мүмкін.

Сондай-ақ...